Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді түсіндіру, насихаттау, ілгерілету бойынша 2018 жылғы 25қазанда Достық үйінде «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Аталған шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қ.Қ. Борашев,сондай-ақ Қазақстан мен шетел ғалымдары, өңірлік тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, Павлодар облысындағы қала, аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелері жөніндегіорынбасарлары, жергілікті жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары, сала мамандары, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада негізгі спикерлер ретінде А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры – Қажыбек Ерден Задаұлы, Әзірбайжан Республикасы, Баку мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы – Ағаева Фируза Абдуллақызы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі – Оразкүл Асанғазы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы – Бекен Сағындықұлы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты – Зейнулина Айман Файзоллақызы қатысты.
Конференциядан кейін, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қ.Қ. Борашев пен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының кеңесшісі – Оразкүл Асанғазы музейімізге ат басын бұрып, Ертіс-Баян өңірінің әйгілі қайраткерлерімен танысып, жоғары бағаларын беріп кетті.
#тілжанашыры #конференция #гостивмузее #музейқонақтары #музейБЖ #руханижаңғыру #руханижаңғыруПавлодар