Бүгін Қарағанды облысына Бұқар жырау Қалхаманұлының 350 жылдық мерей тойына да келіп қалдық.
Менің, Қасиетті Ертіс – Баян өңіріне келіп қоныстануым, қызметке орналасуым мен үшін өмірімде түбегейлі өзгерістер әкеліп жатыр деп айтсам артық айтқаным емес. Мен суретші болғанымен қазіргі таңда суретшілерден көрі ақындармен, әнші жыршылармен сондай – ақ зиялы қауым өкілдерімен көбірек араласам, ол кісілердің әңгімесін тыңдау олармен ой бөлісу мен үшін бір ғанибет.
Осының барлығына әсер еткен Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне келуден басталды десем де болады. Қызыметке кіріскеннен бері бірқатар ауқымды шараларды жүзеге асырдық. Әсіресе Биылғы жылығы «Ұлы Дала» фестивальі қарсаңында Бұқар жырау бабамыздың 350 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-проктикалық конференциясының секциялық мәжілісі өткен болатын. Аталмыш секциялық отырысқа Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі Мамалинов Шагурашид Қалиұлының қатысқан болатын. Бұқар жырау бабамыздың ауданында атқарылып жатқан істерді айта келіп біздің жасап жатқан еңбегімізге алғысын білдіре отырып Бұқар бабамыздың тойына шақырған еді. Бүгін Павлодар облысы делегациясымен осындамыз.
Бабалар мұрасын білмей болашағымыз бұлыңғыр екені ақиқат.
Бабамыздың тойы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен ол үшін әрине Қарағанды облысы мен Бұқар жырау ауданы әкімшілігіне алғыс айтпай кетуге болмайды. Мерейтойға мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар жетекшілері, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым және Ертіс-баян өңірінен бірқатар ақсақалдар алқасы, ел ағалары мен қала тұрғындары қатысуы бұл тойдың көркін, ажарын аша түсті.
Арнайы Астанадан келген Әскери тариxи музей жәдігерлері, Абылай xан мүсіні және қолөнершілер, сондай-ақ, қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге, қыз қуу, көкпар да ұлы тойдың сәнін кіргізді.
Айтып айтпай не керек қысқасын айтқанда Бабамыздың тойында бір рухани жаңғырып , рухани тойып қайттық. Елімізде осындай игі шаралар көптеп өтілуіне тілектеспін! #БҰҚАРЖЫРАУ #350ЖЫЛ