Бүгінгі күн ертеңгі тариx. Бала күнімнен қыл қаламды серік етіп, сурет салуға әуес болдым. Анам суретші болғасын қасиетті өнер анамның ақ сүтімен бойыма дарыған шығар. Бұл күн мен үшін, қиял – ғажайып түс көріп жатқандай әсер қалдырды. Әлсін – әлсін оянып кетпесем екен дегендей елеңдеп, ұшып – қонып жүрмін. Әр адамға өмірде жеткен үлкен-кіші жетістігі ұлы жеңіс тәрізді, ерекше қуанышты әсер қалдыратыны сөзсіз.
Бүгін өңірімізге іс-сапармен атбасын тіреген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының алдында сөз сөйлеп, сурететші әріптестерімізбен бірге жазған туындыларымызды таныстырудың сәті түсті. Сөзімді «Қош келдіңіз»,-ден бастап Оңтүстіктен-Солтүстікке қоныс аударған жас отбасы, жас маман екенімді таныстырғаннан кейін Рухани жаңғыруымыз үшін әрбір Қазақстан азамты өзіндік үлесімізді қоса аламыз. Мен бойымдағы өнер арқылы біздің рухани құндылықтарымыз: қасиетті мекендер, ұлы тұлғалардың бейнесін сан түрлі бояулар арқылы сырын ашып, кенеп бетіне түсіріп оны халыққа, өскелең ұрпаққа таныстырып насихаттаудамын, - деп жалғастырдым. Осы сәтте Елбасы «Қайсы сенің салған суреттерің?» , деп ерекше ден қойып туындыма көз жүгіртті. Қасиетті Ертіс – Баян өңірінің атақты суретшілері туралы да сөз етіп еңбегімізге жеміс тілеп ризашылығын білдірді.
Ішімнен маған өмір сыйлаған ата анама, «Жеңіс»,- деп есім берген Байшора атама, мұндағы Павлодар облысы әкімдігіне алғыс айтып бойымды қуаныш сезім билеп тұрды. Өмірде баршаңыздың жеңісті сәттеріңіз бен қуанышты күндеріңіз көп болсын !
Ізгі ниетпен: Жеңіс Нұртасұлы